Алматы мен Ертіс тұрақты чемпионатты аяқтады, Арлан бірінші орынды уысынан шығарып алды

3 naýryz
1883

«Алматы» маусымның соңғы матчында «Ертісті» жеңді. «Құлагер» мен «Номад» негізгі уақыт аясынан тыс шығып кетті. Елордада буллиттер сериясы өтті. «Ақтөбе» «Бейбарыстан» сенімді түрде қарымта қайтарды.

Қонақтар матчтың әрі қарайғы тағдырын шешкен екінші кезеңде ойсырай жеңілді. «Алматылықтар» 20 минут ішінде қарсыласты бес рет сүріндіріп, сенімді түрде жеңіске жетті. Степан Филонов, Рузаль Галеев пен Чингисхан Абил екі реттен шайба дарытты.

Осылайша, Олег Шулаевтың ойыншылары тұрақты чемпионатты 12-ші орынмен аяқтады. «Ертіс» турнир кестесінің түбінен көтеріле алмады және 13-ші болды.

«Алматы» - «Ертіс» 8:4 (0:2, 5:0, 3:2)

0:1 – 07:20 – Шамбазов (Габдуллин, Герасимов) ГБ

0:2 – 15:11 – Ляпунов (Айдаш, Атаханов)

1:2 – 23:05 – Филонов (Бухаров, Крашенинин)

2:2 – 24:07 – Филонов (Машинец, Сейфулов) ГБ

3:2 – 27:47 – Галеев (Филонов, Машинец) ГБ

4:2 – 35:06 – Галеев (Леванов, Катасонов) ГМ

5:2 – 38:12 – Абил (Леванов, Галеев)

6:2 – 40:35 – Крашенинин

6:3 – 44:01 – Камбулов (Карпов)

7:3 – 55:17 – Абил (Леванов, Машинец) ГБ

8:3 – 55:42 – Смоляков (Потырка)

8:4 – 59:18 – Габдуллин (Евлоев, Билимбаев) ГБ

Қақпашылар: Полуэктов – Штукерт

Бүгін «Құлагер» мен «Номадқа» негізгі уақыт жеңімпазды анықтау үшін жетпей қалды. Ал овертайм ұзаққа созылмады. Егор Кудин қосымша бес минуттың 13-ші секундында петропавлдықтарға жеңіс сыйлады.

«Құлагер» - «Номад» 4:3 (1:0, 1:2, 1:1, 1:0)

1:0 – 15:45 – Ахметов (Рамазанов)

1:1 – 20:52 – Мухаметов (Королёв, Рунов) ГБ

1:2 – 29:07 – Александров (Волосенков, Диханбек) ГБ

2:2 – 31:44 – Колесников (Логинов, Репин) ГБ

2:3 – 49:34 – Михнин (Гусейнов, Александров)

3:3 – 52:11 – Казаченко (Макеев)

4:3 – 60:13 – Кудин (Первухин)

Қақпашылар: Грязнов – Калмыков

«Снежные Барсы» буллиттер сериясында «Арланды» күтпеген жерден ұтып, көкшетаулықтарды тұрақты чемпионаттың бірінші орнынан айырды.

«Снежные Барсы» - «Арлан» 3:2 Б (1:0, 0:1, 1:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 10:24 – Сапарбек Д. (Цыбин, Никитин)

1:1 – 20:58 – Пархоменко (Маркелов, Лихотников)

1:2 – 41:27 – Пластинин (Егоров, Микушин)

2:2 – 52:15 – Бейсембиев (Тусупбеков, Колодюк)

3:2 – 65:00 – Омирбеков ПБ

Қақпашылар: Пестов – Чепец (Микушин, 10:24-65:00)

«Ақтөбе» «Бейбарыстан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Иван Зинченко мен Дмитрий Потайчук дубльдер жасады.

«Бейбарыс» - «Ақтөбе» 1:4 (0:2, 1:2, 0:0)

0:1 – 17:12 – Потайчук (Митряков, Зубковский)

0:2 – 19:30 – Зинченко (Митряков, Ермолаев)

0:3 – 20:53 – Зинченко (Митряков, Ермолаев)

1:3 – 21:18 – Ананичев Ал. (Григоркевич)

1:4 – 24:13 – Потайчук ГБ

Қақпашылар: Шевченко (Хозяшев, 23:04-27:42) – Тихонов