Қазақстандық хоккей арбитрлері әлем чемпионатында жұмыс жасайды

2 naýryz
2187

Қазақстандық хоккей федерациясының арбитрлері ертең Қырғызстанда басталатын 4-дивизиондағы әлем чемпионаты матчтарына тағайындалды.

Бішкектегі турнирде 3 және 8 наурыз аралығында Кувейт, Малайзия, Сингапур, Иран құрамалары, сонымен қатар жарыс иелері – қырғызстандықтар ойнайды.

Бас төреші ретінде кездесуде Владимир Суслов қызмет етеді. Сонымен қатар желілік арбитрлер Тимур Искаков пен Александр Ядрышников тағайындалды. Сондай-ақ Владимир Суслов пен Құрлықтық хоккей лигасының арбитрі Торнике Кучава чемпионат аясында азиялық реферилерге арнап, семинар өткізеді.