Pro Ligasy ойын күнінің алғашқы матчында «Арлан» металлургтар қаласының ойыншыларын тырп еткізбеді. «Ақтөбе» «Снежные Барсы» командасымен екінше текетіресте есе жібермеді.
Ойынның шартты иелері қарсыласқа қарағанда белсендірек болып, қарсы қақпаға 50-ге жуық соққы бағыттады. Олардың бесеуі нәтижелі болып, команда сенімді түрде жеңіске жетті. Қарсыласты екі рет Данила Карабань састырды.
«Арлан» - «Теміртау» 5:2 (2:0, 2:1, 1:1)
1:0 – 16:32 – Маркелов (Боровков)
2:0 – 17:06 – Карабань (Меньщиков, Жуков)
2:1 – 31:02 – Безруков (Попов)
3:1 – 32:40 – Карабань (Меньщиков, Гребенщиков)
4:1 – 37:22 – Старцев (Половников, Жиляков)
4:2 – 43:59 – Преснов (Волков) ГБ
5:2 – 53:12 – Жуков (Меньщиков, Граборенко) ГБ
Қақпашылар: Румянцев – Каратаев
«Ақтөбе» «Снежные Барсы» командасынан сенімді түрде қарымта қайтарды. Иван Киселёв дубль жасады. Алаң иелері турнир кестесіндегі аралық алтыншы орынды сақтап қалды.
«Ақтөбе» - «Снежные Барсы» 5:2 (2:0, 2:1, 1:1)
1:0 – 08:05 – Ильин
2:0 – 15:08 – Киселёв (Ермолаев, Шохов)
2:1 – 29:35 – Фокин (Цыбин, Шапоров)
3:1 – 31:07 – Кутугин (Воронин, Зинченко)
4:1 – 35:56 – Зинченко ГМ
4:2 – 41:05 – Цыбин
5:2 – 54:12 – Киселёв (Гасников, Кутугин)
Қақпашылар: Тихонов – Павленко (Шефер, 15:08-40:00)