«Снежные Барсы» буллиттер сериясында «Ақтөбеден» басым түсті.
Үшінші кезеңнің басына қарай алаң иелері үш шайба артта қалып келе жатты. Алайда үшінші кезеңде «Ақтөбе» екпінін арттырып, таблодағы есепті теңестірді, және үшінші шайба Владислав Пестовтың қақпасына ысқырықтың естілуіне 35 секунд қалғанда өтіп үлгерді.
Овертаймда көрермен гол көрмеді. Ал буллиттер сериясында елордалық хоккейшілер дәлірек көздеді. Жеңіс шайбасы Әли Қасеновке тиесілі.
Жеңілгеніне қарамастан, «Ақтөбе» бір балл жинап, чемпионаттың кубоктік бөлігінен орын алды. Михаил Шанцевойдың ұжымы 52 балл жинады және бұл нәтижені турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қарсыластары қуып жете алмайды. Осылайша, Ақтөбе плей-оффқа жолдама алған Лиганың алтыншы ұжымы атанып отыр.
«Ақтөбе» - «Снежные Барсы» 3:4 Б (0:0, 0:3, 3:0, 0:0, 0:1)
0:1 – 25:49 – Касенов (Сапарбек Д., Мангисбаев) ГБ
0:2 – 30:37 – Колодюк
0:3 – 39:13 – Кайыржан (Смольянинов)
1:3 – 40:26 – Воронин (Кутугин, Потайчук)
2:3 – 50:09 – Потайчук (Зинченко, Воронин)
3:3 – 59:25 – Потайчук (Зубковский, Кутугин)
3:4 – 65:00 – Касенов ПБ
Қақпашылар: Тихонов – Пестов