​Қостанайда жаңа мұз аренасы ашылды

24 aqpan
1418

Қостанайда жаңа көпқызметті мұз кешені ашылды.

Ашылу салтанатына Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚХФ атқарушы директоры Андрей Сачук, сонымен қатар атақты кеңес хоккейшісі Сергей Макаров және Еуропалық хоккей лигасының (EHL) бас хатшысы Александр Третьяк қатысты.

Мұз сарайының ауданы 8 000 шаршы метрден асады, 2500-ден астам көрермен сияды. Сарайда хоккей және мәнерлеп сырғанау секциялары жұмыс жасайтын болады, сонымен қатар керлинг секциялары ашылады деп жоспарланып отыр. Жаңа сарайдың ашылуы аясында «Горняк» (Рудный) және «Құлагер» (Петропавловск) жастар хоккей командалары арасында жолдастық матч өтті. Кездесу солтүстікқазақстандық ұжымның пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Айтып өтетін жайт, жаңа сарай мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі аясында салынып, жыл бойы жұмыс жасайтын болады.