Горняктың соңғы мүмкіндігі

24 aqpan
1831

Pro Ligasy тұрақты чемпионатының аяқталуына дейін бірнеше матч қана қалды.

«Ақтөбе» - «Снежные Барсы»

Өзінің соңғы ойынында Истоминнің ойыншылары «Сарыарқадан» тек овертаймда ғана жеңіліп, кезекті рет сенсация жасады. Алайда соңғы уақытта елордалық ұжым ұпай жинауды сиретіп келеді. «Ақтөбенің» жеңісі мен жеңілісі қатар келеді, алайда бұл команданың турнир кестесіндегі ахуалын өзгеріссіз қалдырып отыр. Келесі ойындардың қорытындысы бойынша батысқазақстандық команда плей-оффқа жолдаманы ресми түрде рәсімдеуі тиіс.

«Арлан» - «Теміртау» (матчтар Петропавлда өтеді)

Болашақ қарсыластар үшін аса маңызды кездесулер. «Арлан» тұрақты чемпионаттағы жеңіс үшін «Сарыарқамен» қызу тартысуда. «Теміртау» өз күшімен маусымын ұзартуға тырысады және плей-оффқа шығуға да мүмкіндік әзірге бар. Айтып өтетін жайт, көкшетаулықтар үш апта бойы ойнаған жоқ, ал Виктор Буяльскийдің ұжымы ойынға оралып, «Номадпен» тартысып үлгерді.

«Сарыарқа» - «Горняк»

Петерис Скудраның командасы «Алматымен» матчтар үшін төрт балды автоматты түрде алды, енді «Горнякпен» кездесуге дайындалуға уақыты бар. Рудный үшін Қарағандыдағы кездесулер маусымдағы ең шешушісі болғалы тұр. Себебі кубоктік сегіздікке ену үшін Сергей Невструевтің ойыншыларына осы ұпайлар өте-мөте қажет.