Алматыға техникалық жеңілістер есептеліп, ақшалай айыппұл салынды

24 aqpan
2549

Кезекті «Алматы» қатысуымен болатын матчтар өтпейтін болды.

Қазақстан хоккей федерациясының атына кезекті рет «Алматының» негізгі құрамының алты ойыншысының түрлі себептермен алдағы матчтарға қатыса алмайтыны туралы хат келіп түсті. Деректер базасына сәйкес, қазіргі таңда «Алматы» командасының тізілімінде 27 спортшы бар. Оның үстіне, клуб жүйесінде екіжақты келісімшартты ойыншылары бар жастар командасы жұмыс жасайды. Бұл команда плей-офф матчтарына жұмыс тәртібінде дайындалуда. Осылайша, «Алматының» жекелеген матчқа дені сау хоккейшілердің минималды қажет санын жинауға шамасы келеді деуге болады.

Алайда клуб кезекті рет жоспарланған матчтардың өтуіне кедергі келтіріп отыр. Регламенттің Спорт бөлімінің 7-тарауы 25-бабы 1.30-тармағына сәйкес, команда келмеген немесе чемпионат матчын болдырмаған жағдайда (команданың еңсерілмейтін күш жағдайларына байланысты кешігуін қоспағанда), хоккей клубына ақшалай айыппұл салынады. Сондай-ақ 25 және 26 ақпанда Қарағандыда өтуі тиіс матчтарда «Алматыға» 0:5 есебімен техникалық жеңілістер есептелді.

Бұл жағдай ҚХФ Атқарушы комитетінде қаралып, онда «Алматы» қаласыныі хоккей клубы» ЖШС құрылымына кіретін командалардың 2022-2023 жылғы маусымда ҚХФ ұйымдастыратын турнирлерге әрі қарай қатысуы туралы мәселе көтеріледі.