22 ақпандағы матчтарға шолу

22 aqpan
1473

«Теміртау» «Номадқа» қарсы ойында маңызды жеңіске жетті. «Сарыарқа» «Горнякты» ірі есеппен жеңді. «Құлагер» «Ақтөбеден» қарымта қайтарды.

«Теміртау» «Номадтан» қаймықпастан қарымта қайтарды және плей-офф үшін күресетін командалар тобында қалып отыр. Жеңіс шайбасы Сергей Лазеревтің есебінде. Алаң иелерінің қақпашысы Денис Каратаев қақпаға бағытталған 30 соққыға тойтарыс берді.

«Теміртау» - «Номад» 4:1 (0:0, 2:0, 2:1)

1:0 – 29:46 – Лызин (Шульга) ГБ

2:0 – 37:47 – Лазарев (Рыбаков, Шульга)

3:0 – 40:50 – Попов (Безруков, Штайгер)

3:1 – 43:47 – Рунов (Гатиятов, Зубов)

4:1 – 59:13 – Дёмин (Преснов, Волков) ГБ

Қақпашылар: Каратаев – Калмыков (Амирбеков, 40:50-60:00)

«Сарыарқа» тағы да «Горнякты» тырп еткізбеді. Қарағандылықтар қатарынан 11-ші матчында жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі бірінші орнын нығайтты әрі Лига бойынша чемпионат барысында 200 шайбалық межені алғаш болып аттаған команда атанды.

«Горняк» - «Сарыарқа» 1:6 (0:1, 1:3, 0:2)

0:1 – 02:27 – Ларионов

1:1 – 23:25 – Кунишников (Ширяев) ГМ

1:2 – 24:22 – Данияр (Борисевич, Нургалиев)

1:3 – 27:28 – Двуреченский (Федоров, Жарёнов)

1:4 – 37:34 – Сиксна (Беляев, Борисевич)

1:5 – 48:55 – Жарёнов

1:6 – 56:56 – Ибрайбеков (Данияр)

Қақпашылар: Белоконский – Шутов

«Ақтөбе» мен «Құлагердің» екінші кездесуі петропавлдық ұжымның жеңісімен аяқталды. Қонақтар қорытынды кезеңде үстемдік орнатты. Жеңіс шайбасының авторы – Михаил Попов.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 2:4 (1:1, 1:1, 0:2)

0:1 – 00:50 – Попов (Ахметов)

1:1 – 15:32 – Киселёв (Тесленко, Зинченко)

1:2 – 20:27 – Колесников (Логинов, Первухин)

2:2 – 26:11 – Тесленко (Скатов)

2:3 – 40:56 – Попов (Поляничев)

2:4 – 59:22 – Поляничев (Попов, Моренец)

Қақпашылар: Тихонов – Грязнов