Теміртау мен Ақтөбедегі овертаймдар. 21 ақпандағы матчтарға шолу

21 aqpan
1131

«Номад» овертаймда «Теміртауды» жеңді. «Сарыарқа» «Горнякты» тырп еткзібеді. «Құлагер» «Ақтөбеге» есе жіберді.

«Теміртау» мен «Номад» жеңімпазды тек овертаймда анықтады. Бүгін елордалық ұжым екі балл жинады. Шешуші соққы Артур Гатиятовтың есебінде.

«Теміртау» - «Номад» 2:3 ОТ (2:0, 0:2, 0:0, 0:1)

1:0 – 04:11 – Шульга

2:0 – 12:14 – Шишов (Лызин, Асуханов)

2:1 – 24:13 – Гусейнов (Зубов)

2:2 – 38:17 – Александров (Диханбек, Тарасенко)

2:3 – 62:25 – Гатиятов

Қақпашылар: Каратаев – Калмыков

«Горняк» «Сарыарқамен» кездесудің екінші бөлігінде жеңіліп, өзінің плей-оффқа шығуын қиындатты. Қарағандылықтар құрамында Никита Аноховский дубль жасады.

«Горняк» - «Сарыарқа» 2:5 (1:1, 0:3, 1:1)

1:0 – 00:31 – Москалев (Козорез, Юлбарисов)

1:1 – 09:18 – Яковлев

1:2 – 20:11 – Аноховский (Рахманов, Сиксна)

1:3 – 30:37 – Воронков (Борисевич) ГБ

1:4 – 31:32 – Аноховский (Рахманов, Хорошев)

1:5 – 40:44 – Рахманов (Аноховский, Сиксна) ГБ

2:5 – 54:21 – Ханьжин (Кунишников, Кротов)

Қақпашылар: Акулинин (Белоконский, 06:11-07:17, 31:32-60:00) – Шутов

«Құлагер» үш шайба алда келе жатқан жерінен есе жіберіп алды. «Ақтөбе» қорытынды кезеңде үш рет артық құрам ұйымдастырып, нағыз камбэк жасады. Ал қосымша бес минутта алаң иелері Иван Киселёвтің дөп соққысынан кейін қарсыласты тізе бүктірді.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 4:3 ОТ (0:0, 0:3, 3:0, 1:0)

0:1 – 21:20 – Колесников (Моренец, Кудин)

0:2 – 25:35 – Ахметов (Гевель, Попов)

0:3 – 26:51 – Емельянов (Обрядин)

1:3 – 45:07 – Воронин (Киселёв, Зубковский) ГБ

2:3 – 49:28 – Зинченко (Некряч, Кутугин) ГБ

3:3 – 53:25 – Воронин (Зубковский, Киселёв) ГБ

4:3 – 62:09 – Киселёв (Гасников)

Қақпашылар: Шаров – Кадочников