«Торпедо» «Теміртаудан» екінші матчта да басым түсті. «Горняк» 0:2 есебімен «Ертісті» басып озды. «Алматы» екпінді екінші кезеңнің арқасында «Номадтың» жеңістер сериясын тоқтатты. «Құлагер» «Снежные Барсы» командасымен ойында жеңді. «Сарыарқа» «Алтай Торпедомен» матчта құрғақ жеңілістен құтылып кетті. «Бейбарыс» маусымның батыстағы алғашқы ойынында жеңімпаз атанды.
Көшбасшылардың екінші тартысында «Торпедо» «Теміртауды» «құрғақ» жеңіспен басып озды. Өскемендіктер қатарынан оныншы рет жеңіске жетіп, лиганың турнир кестесінде көшті бастап тұр. «Теміртау» екі рет жеңілгеніне қарамастан, үшінші қатарға жайғасты.
"Торпедо" – "Теміртау" 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)
1:0 – 26:10 – Шин (Савицкий) ГБ
2:0 – 58:20 – Мерескин (Левицкий)
Қақпашылар: Сидоров – Еремеев
«Ертіс» пен «Горняктың» арасындағы екінші матчта павлодарлықтар екі рет көпшілікпен ойнап, бірінші үзіліске жақсы есеппен кетті. Алайда әрі қарай рудныйлықтар есе қайтарып, буллиттер сериясына жетті. Онда Евгений Щанкин қонақтарға «Ертіске» қарсы маусымның төрт ойынындағы үшінші жеңісті сыйлады.
"Ертіс" – "Горняк" 2:3 Б (2:0, 0:1, 0:1, 0:0, 0:1)
1:0 – 02:51 – Асуханов (Макуцкий, Ивашин) ГБ
2:0 – 10:28 – Самойлов (Путилов, Жиляков) ГБ
2:1 – 29:30 – Воронин (Щанкин)
2:2 – 41:11 – Власов
2:3 – 65:00 – Щанкин ПБ
Қақпашылар: Нечвиенко – Микушин
"Номад" өз алаңындағы ойында «Алматыны» соққылармен екі есе төпеледі. Алайда бұл кеште «көшпенділер» маңызды сәттерді жүзеге асыруда қиындыққа тап болды. Ал қонақтар өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей, есеп бойынша алға шықты. Осылайша, қарсыластың сегіз матчқа соызлған жеңістер сериясын тоқтатты. Мұнымен қоса, Павел Думаның ұжымы көш бастаушы үштікке жақындады.
"Номад" – "Алматы" 1:5 (1:0, 0:3, 0:2)
1:0 – 08:33 – Рунов (Гренц)
1:1 – 28:40 – Качулин (Бурделёв, Курсакбаев)
1:2 – 31:20 – Бутузов (Волков, Малетин) ГБ
1:3 – 31:41 – Бельгибаев (Курсакбаев)
1:4 – 58:35 – Волков ПВ
1:5 – 59:58 – Бурделёв (Бельгибаев, Ковзалов)
Қақпашылар: Кудрявцев – Полуэктов
"Құлагер" өз алаңында «Снежные Барсы» командасына жеңуге еш мүмкіндік бермеді. Петропавлдықтар матч бойы ойынның барысын бақылауда ұстап, жеңіске жетті. Михаил Шерстюков дубль жасады.
"Құлагер" – "Снежные Барсы" 3:1 (2:0, 1:0, 0:1)
1:0 – 03:24 – Шерстюков (Хамматов, Нуриев) ГБ
2:0 – 18:27 – Хамматов (Шерстюков, Васильев)
3:0 – 35:38 – Шерстюков (Нуриев, Васильев) ГБ
3:1 – 56:33 – Фокин (Верещагин, Бойко)
Қақпашылар: Павленко – Янков
«Алтай Торпедо» «Сарыарқамен» түздегі ойында әрбір кезеңде бір голдан салып, жеңіске нық сеніммен жетті. Және үш шайбаның үшеуі де түрлі ойын жағдайында салынды. Ян Хоменко қарсыластарын екі рет сан соқтырды.
"Сарыарқа" – "Алтай Торпедо" 1:3 (0:1, 0:1, 1:1)
0:1 – 00:23 – Хоменко (Худяков)
0:2 – 34:27 – Хоменко (Богачонок) ГБ
0:3 – 57:43 – Каиров (Нурек А.) ГМ
1:3 – 58:32 – Зеленков (Воронков, Михайлов) ГБ
Қақпашылар: Ибрагимов – Нурек
"Бейбарыс" өз алаңындағы алғашқы ойында «Ақтөбеден» басым түсті. Денис Курепанов үш ұпай жинады. Қақпашы Богдан Белоконский қақпаға бағытталған 34 соққыға тойтарыс берді.