ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең үлкен үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
ProLigasy-ның өткен аптасының ойыншысы ретінде Герман Шапорев танылды. «Алтай Торпедоның» шабуылшысы «Ертіспен» матчта бірегей рекорд орнатты – бір ойында алты шайба салды. Оған қоса екі нәтижелі пас берді.
Павлодардағы екі жеңісінің арқасында өскемендіктер плей-офф үшін тартысты жалғастырады. Шапоревтің өзі чемпионаттың үздік сұрмергені болып қалды.