Алексей Анисимов: «Қазір цифрсыз болмайды»

19 aqpan
2178

Құрлықтық хоккей лигасының вице-президенті және бас арбитрі Алексей Анисимов ҚХФ төрешілерінің қатысуымен өткен семинардың бағдарламасы туралы айтып берді, сонымен қатар ҚХЛ мен ҚХФ арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

- Семинарда қандай сәттерге мән бердіңіз?

- Біз түйрей соққылайтын жағдайларды, қақпашының бұғаттауын қарастырдық. Жалпы төрешілердің жұмысы мен іс-қимылдарын талқыладық. Сонымен қатар біз ойынды қарап, әдістемелік қателіктерді талқылап, матч кезінде бапкерлер штабтарымен тілдесу кезіндегі төрешілердің іс-қимылын қарастырдық.

- Заманауи хоккей төрешісін қандай сипаттамалар ерекшелеуі тиіс?

- Ережелерді мінсіз білу, конькимен сырғанау дайындығы және психология.

- ҚХФ төрешілері ҚХЛ кездесулерінде қызмет ететін кездер болды ма? Сіз ондай матчтарды бақыладыңыз ба? Біздің төрешілердің іс-қимылына қандай баға бересіз?

- Иә, өткен жылы ковид хаттамаларына байланысты біз «Барыс» қатысатын матчтарға ҚХФ төрешілерін шақырдық. Әрине, біз матч қарқынын бақыладық. Олар жақсы деңгей көрсетті. Бірінші ойыннан-ақ бірден сіңіп кетіп, қолыңнан не келетінін көрсету қиын әрине. Біздің кейбір әдістемелік сәттеріміз әртүрлі.

- Заманауи спорт ұдайы өзгереді, оның ішінде технологиялар тұрғысынан да өзгереді. Төрешілер ісінде қандай да бір жаңашылдықтан қолданыла ма?

- ҚХЛ-да база бар, онда әрбір арбитр кіріп, матчтардағы өз іс-қимылдары бойынша сәттерді қарай алады. Қазір цифрсыз болмайды. Бізде төрешілердің кәсіби рейтингісі бар. Сонымен қатар биыл біз арбитрдің портфолиосын аяқтадық. Онда әрбір төреші бойынша қандай матчтарда қызмет еткенін, қайда және қандай айыппұлдары болғанын, оның қандай ойындары үшін сыйақы беруге болатын-болмайтынын қарауға болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл бәрі кестемен жүретін еңбек кітапшасы сияқты.

Қазір Пекинде Олимпиада аясында хоккей турнирі өтіп жатыр. Онда тек ҚХЛ спортшылары ғана ойнап қоймайды, сондай-ақ Лига арбитрлері жұмыс жасайды. Жарыстар мен төрешілікке жалпы қандай баға бересіз?

- Баға бергім келмейді, себебі олардың өздерінің құзіретті органы – ИИХФ төрешілер департаменті бар. Әрине іштей өз бағам бар, алайда оны жария ету әдепке жатпайды, себебі басқа турнир. Алайда айтпағым: ҚХЛ төрешілерінің жұмыс сапасы маған ұнайды. Өте жақсы жұмыс жасады, оның үстіне матчтардың бір бөлігі плей-оффта болды.