Сарыарқаның қатарынан сегізінші жеңісі, Құлагердің «құрғақ» жеңісі

17 aqpan
2083

«Алтай Торпедо» Павлодарда сүріне жаздады. «Снежные Барсы» «Сарыарқаның» тегеурініне төтеп бере алмады. «Құлагер» «Бейбарысқа» қарсы матчта құрғақ жеңіске жетті.

«Ертіс» пен «Алтай Торпедоның» кездесуі негізгі уақыттан тыс аяқталды. Нәтижесінде қонақтар жеңіске жетіп, плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Шешуші соққы Стас Петросянның қоржынында.

«Ертіс» - «Алтай Торпедо» 2:3 ОТ (0:1, 1:0, 1:1, 0:1)

0:1 – 16:14 – Назаренко (Бондаренко, Рифель)

1:1 – 24:59 – Атаханов (Евлоев, Айдаш)

2:1 – 41:11 – Герасимов

2:2 – 58:14 – Хоменко (Лагунов, Буденчук)

2:3 – 61:18 – Петросян (Лагунов)

Қақпашылар: Микушин – Нурек

«Сарыарқа» «Снежные «Барсы» командасын жеңді. Қарағандылықтар қатарынан сегізінші матчында жеңіске жетіп, кестеде көш бастап келе жатқан «Арланға» жақындады. Матчта Владислав Кулиев дубль жасап көзге түсті.

«Снежные Барсы» - «Сарыарқа» 1:5 (0:1, 0:2, 1:2)

0:1 – 10:40 – Рахманов (Кулиев, Аноховский) ГБ

0:2 – 23:54 – Кулиев (Беляев, Борисевич)

0:3 – 30:22 – Кожевников (Жарёнов, Хорошев)

0:4 – 40:46 – Кулиев (Сиксна)

1:4 – 48:34 – Шапоров (Алибек, Смольянинов)

1:5 – 54:41 – Полохов (Голоднюк)

Қақпашылар: Павленко (Пестов, 30:22-60:00) – Шутов

«Бейбарыс» алғашқы үй ойынында «Құлагердің» қақпасын ала алмады. Кездесудің басты қаһарманы бір де бір шайба өткізбеген қонақтардың қақпашысы Максим Грязнов болды. Жеңіс шайбасы Станислав Логиновтың қоржынында.

«Бейбарыс» - «Құлагер» 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)

0:1 – 33:50 – Логинов (Казаченко, Первухин)

0:2 – 40:42 – Ахметов (Гевель, Поляничев)

Қақпашылар: Мальгин – Грязнов