Торпедо елордада қарымта қайтарды

16 aqpan
1526

«Номад» пен «Торпедо» арасындағы екінші матчта өскемендік ұжым дәлірек көздеді.

Қонақтар екі нәтижелі шабуылдың арқасында өз үстемдігін бірінші кезеңде-ақ байқатты. Нәтижесінде Георгий Верещагиннің ойыншылары сенімді түрде қарымта қайтарды. Жеңіс шайбасы Дмитрий Громовтың қоржынында, «Торпедо» қақпашысы Андрей Янков 34 соққыға тойтарыс берді.

«Номад» - «Торпедо» 1:5 (0:2, 0:0, 1:3)

0:1 – 07:00 – Дзедаев

0:2 – 15:20 – Громов (Лихотников, Боровиков) ГБ

0:3 – 41:05 – Куянов

0:4 – 45:23 – Гурин (Дерзаев, Королинский)

1:4 – 47:08 – Орехов (Петухов, Шестаков)

1:5 – 59:12 – Лихотников (Громов, Гурин)

Қақпашылар: Бояркин – Янков