Екі күн бойы Қазақстан хоккей федерациясының арбитрлері шағын жиындарға қатысады, олардың аясында ауқымды бағдарлама жоспарланған.
«Барыс» СК-да өтетін семинарға тәжірибемен бөлісу үшін Құрлықтық хоккей лигасының вице-президенті әрі бас арбитрі Алексей Анисимов, сонымен қатар Ресей Хоккей федерациясының төрешілер басқармасының бастығы әрі Жоғары хоккей лигасының бас арбитрі Михаил Карпушин шақырылды.
ҚХФ арбитрлері үшін бірнеше теориялық сабақ, «Номад» - «Торпедо» матчын қарау, әрі қарай ойынды талдау, сонымен қатар практикалық жаттығулар жоспарланған.