Pro Ligasy тұрақты чемпионаты ең маңызды ақтық айналымға жақындады.
«Номад» - «Торпедо»
Турдың негізгі кездесулері елордада өтеді. Кесте бойынша көршілер кезекті жекпе-жекке өз бабында жетті. Қос ұжым да тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үшінші орыннан үмітті, алайда ол үшін «Бейбарыс» сүрінуі тиіс. Ал егер атыраулықтар қалған матчтардағы ұпайларын жинап алса, ал төменнен «Ақтөбе» жетіп келмесе, «Номад» пен «Торпедо» плей-оффтың бірінші раундында-ақ кездеседі.
«Снежные Барсы» - «Сарыарқа»
Қарағандылықтар өткен турда «Ертісті» жарға жықты, ал енді мұндай сыннан чемпионаттың ең жас командасы өтетін сыңайлы. «Сарыарқа» бұрынғыша чемпионаттың ең нәтижелі командасы, сондықтан «Барыстың» қорғанысына алдағы кездесулерде біршама тер төгуге тура келеді.
«Ертіс» - «Алтай Торпедо»
«Алтай Торпедо» үшін аса маңызды кездесулер, мұнда өскемендіктерге төрт балл алу қажет. «Теміртау» мен «Горняк» өкшелеп қуып жеткелі тұр, ал тұрақты чемпионаттың соңғы турында мықты ұяластарымен ойнауына тура келеді. «Ертіс» өзінің жергілікті міндеттерін шешіп жүр. Және олардың бірі – әрқайсысында оннан астам шайба өткізген төрт матчтағы жеңілістер легін үзу.
«Бейбарыс» - «Құлагер»
Тағы бір қызықты текетірес елдің батысында өтпекші. «Бейбарыс» жоқ дегенде өзінің үшінші орнын сақтап қалу үшін, ал сәтін салса, «Сарыарқа» мен «Арланның» мазасын қашыру үшін барын салады. Ал петропавлдықтар плей-оффтан өздеріне мызғымас орын дайындаған жоқ, сондықтан әртүрлі жағдай болуы мүмкін.