Хоккейден Қазақстан чемпионатының шешуші кезеңінің бесінші қатысушысы белгілі болды.
«Ертіспен» матчтың бірінші кезеңінде-ақ Александр Высоцкийдің ойыншылары бес нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Әрі қарай елордалық команданың үстемдігі арта берді. Максим Мухаметов, Андрей Рунов пен Александр Пелевин дубльден жасады.
«Ертіске» қарсы ойындағы бүгінгі жеңісінің арқасында «көшпенділер» 54 балл жинап, турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қарсыластары қуып жетпестей алысқа кетті.
«Номад» - «Ертіс» 10:1 (5:1, 4:0, 1:0)
1:0 – 04:18 – Гусейнов (Гатиятов, Пархоменко)
2:0 – 06:42 – Логвин (Тарасенко)
3:0 – 11:46 – Пелевин (Зубов, Пархоменко)
3:1 – 14:52 – Пак (Атаханов) ГБ
4:1 – 15:25 – Мухаметов (Марков, Бойко)
5:1 – 18:10 – Рунов (Волосенков, Гусейнов)
6:1 – 22:20 – Мухаметов (Бойко, Александров)
7:1 – 29:01 – Рунов (Ермак)
8:1 – 30:40 – Шульга
9:1 – 31:08 – Зубов
10:1 – 58:36 – Пелевин
Қақпашылар: Калмыков – Штукерт (Микушин, 20:00-60:00)