«Құрғақ» Теміртау, Өскемендегі қарымта

10 aqpan
1726

Шапорев пен Лагуновтың дубльдері «Алтай Торпедоға» «Ақтөбемен» екінші матчта жеңіс әкелді. «Снежные Барсы» Теміртаудан шайба салмай қайтты.

«Алтай Торпедо» мен «Ақтөбенің» екінші текетіресінде өскемендіктер дәлірек көздеді. Андрей Лагунов пен Герман Шапорев дубльден жасап, қоржындарын толтырды.

«Алтай Торпедо» - «Ақтөбе» 4:1 (0:1, 2:0, 2:0)

0:1 – 18:02 – Гасников (Потайчук)

1:1 – 26:18 – Лагунов (Шапорев, Быков)

2:1 – 32:43 – Шапорев (Курсакбаев, Петросян)

3:1 – 43:26 – Шапорев (Петросян, Рыжих) ГБ

4:1 – 55:32 – Лагунов (Шапорев, Петросян) ГБ

Қақпашылар: Нурек – Шаров

Екі кезең бойы «барыстар» қарсыластың тегеурініне төтеп беруге тырысты. Алайда үшінші кезеңге чемпионаттың жас ұжымы шаршап жетті. «Теміртаудың» голкипері Владимир Крамарь қақпаға бағытталған 38 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Теміртау» - «Снежные Барсы» 4:0 (0:0, 1:0, 3:0)

1:0 – 33:51 – Лызин (Шишов, Рыбаков)

2:0 – 52:05 – Росляков

3:0 – 53:04 – Рыбаков (Киселёв, Шишов)

4:0 – 59:03 – Лызин (Нургалиев, Волков)

Қақпашылар: Крамарь – Павленко