«Ақтөбе» «Алтай Торпедодан» жеңісті жұлып әкетті. «Теміртау» «Снежные Барсы» командасын жеңді.
«Алтай Торпедо» және «Ақтөбе» матчындағы екі кезеңнің қорытындысы бойынша екеуі тең түсті. Ал қорытынды кезеңде қонақтар алға шықты: соңғы минуттарда үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, жеңісті жұлып әкетті. Жеңіс шайбасы Вадим Ермолаевқа тиесілі.
«Алтай Торпедо» - «Ақтөбе» 3:5 (1:1, 1:1, 1:3)
0:1 – 02:30 – Некряч (Ковзалов)
1:1 – 08:58 – Алдабергенов (Быков, Бондаренко)
1:2 – 32:29 – Зинченко (Кутугин)
2:2 – 33:58 – Лагунов (Курсакбаев, Петросян)
3:2 – 41:40 – Лагунов (Быков, Шапорев)
3:3 – 52:46 – Тесленко (Гасников, Ермолаев)
3:4 – 56:55 – Ермолаев
3:5 – 59:46 – Скатов (Ермолаев, Гасников)
Қақпашылар: Полошков – Тихонов
«Теміртау» мен «Снежные Барсы» текетіресінде алаң иелері дәлірек көздеді, олар әрбір кезеңде бір шайбадан салып, өз қақпасына шайба жуытпады. «Сары-қаралардың» қақпашысы Виктор Селивёрстов қақпаға бағытталған 24 соққының барлығына тойтарыс берді.
«Теміртау» - «Снежные Барсы» 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)
1:0 – 11:53 – Штайгер (Потапов, Белоцкий) ГБ
2:0 – 29:19 – Нургалиев (Дёмин, Преснов)
3:0 – 41:26 – Дёмин (Нургалиев, Преснов)
Қақпашылар: Селивёрстов – Пестов