Алтай Торпедо, Горняк пен Теміртау плей-офф кезеңі үшін сырттай таласуда

9 aqpan
1795

Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңі сәрсенбі күні басталады.

«Алтай Торпедо» - «Ақтөбе»

Өскемендіктер тұрақты чемпионаттың мәресіне жетіп қалды және алдағы «Ақтөбемен» матчтар «Алтай Торпедоның» турнир кестесіндегі қорытынды орнын анықтайтын маңызды ойындар болмақ. Батысқазақстандық ұжым плей-оффтағы орнынан айрылмайтын шығар, алайда «Ақтөбе» әлі де жетінші қатарға түсіп қалуы мүмкін, ал бұл дегеніңіз ¼ финалда күрделі қарсылас жолығады деген сөз.

«Теміртау» - «Снежные Барсы»

«Теміртаудың» тұрақты чемпионаттың мәресіне келгенде кестесі тығыз болып кетті. Сондықтан Лиганың ең жас ұжымымен ойнағанда Виктор Буяльскийдің ойыншылары плей-оффқа жолдама алу үшін ең жоғары ұпайды иеленулері тиіс. Алайда «Снежные Барсы» «сары-қаралармен» өз алаңындағы текетіресте ең жоғары төрт балдың үшеуін иеленгенін ұмытпау қажет.

«Номад» - «Ертіс»

«Ертістің» шахтерлер астанасына сапары сәтсіз болып, онда екі матч нәтижесінде 24 шайба өткізді. «Номадтың» уысынан әзірге тұрақты чемпионатты төрттікте аяқтау деген мүмкіндік сусып барады, солай болған жағдайда плей-оффтың бірінші раундын өз алаңында өткізу сияқты артықшылыққа ие болар еді. Айтқандай, дәл келесі турдың қорытындысы бойынша «көшпенділер» чемпионаттың шешуші раундына қатысатындар қатарын ресми түрде толықтыра алады.

«Горняк» - «Бейбарыс»

Рудныйлықтар жоғалтқан балдары бойынша әзірге тұрақты чемпионаттың оң нәтижесінен үмітті. Алайда финалдық кезең «Горняк» үшін аса қиын болмақ, себебі «Бейбарыстан» басқа Сергей Невструевтің командасына «Сарыарқамен» төрт рет ойнауға тура келеді. Атыраулықтар теориялық тұрғыдан өзінің үшінші орнын жақсарта алады, алайда ол үшін «Арлан» мен «Сарыарқа» тұрақты түрде жеңіліп бастауы тиіс. Сондықтан Артём Аргоковтың командасына өзінің үшінші орнын өкшелеп қуып келе жатқан қос ұжымнан қорғауды ойлау керек.