Овертаймдар күні. 8 қарашадағы матчтарға шолу

8 qarasha
1238

Бүгінгі ойын күнінің қос матчы да қосымша бес минутпен аяқталды. «Торпедо» «Теміртауды» маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты. «Ертіс» «Горняктан» басым түсті.

Чемпионаттың көшбасшылары «Торпедо» мен «Теміртаудың» ойыны расында қызықты жайттарға толы болды. Екінші кезеңнің басында қонақтар екі шайба алда болып, арқаны кеңге салды. Алайда аталмыш ойын кезеңі аяқталғанша торпедолықтар есеп теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Енді «Теміртауға» тықыр таяды. Роман Козловтың ұжымы үшінші кезеңнің аяқталуына екі секунд қалғанда жеңілістен құтылып кетті. Алайда овертаймда өскемендіктер барын салып, өздерінің жеңістер сериясын тоғыз матчқа жеткізді. Сары-қаралар осы маусымда алғаш рет жеңіліс дәмін татты.

"Торпедо" – "Теміртау" 5:4 ОТ (1:2, 2:1, 1:1, 1:0)

0:1 – 05:40 – Гусейнов (Лызин, Безруков) ГБ +2

1:1 – 12:07 – Виноградов (Мерескин, Юксеев)

1:2 – 19:47 – Потапов (Кошелев, Королинский)

1:3 – 21:08 – Голоднюк (Грымзин)

2:3 – 37:58 – Мерескин (Стулов, Угольников)

3:3 – 39:54 – Юксеев (Савицкий, Угольников) ГБ

4:3 – 47:04 – Тымченко (Гурин, Юксеев)

4:4 – 59:58 – Галыгин ГБ

5:4 – 63:36 – Стулов (Мерескин) ГБ

Қақпашылар: Сидоров – Селивёрстов

«Ертіс» өзінің жеңістер сериясын үш кездесуге жеткізді. «Горнякпен» матчта арнайы бригадалар маңызды рөл атқарды. Павлодарлықтар екі рет көпшілікпен ойнап, овертаймның ең соңында екі ұпай жинады.

"Ертіс" – "Горняк" 3:2 ОТ (1:0, 0:2, 1:0, 1:0)

1:0 – 07:04 – Ивашин (Жиляков, Самойлов)

1:1 – 21:52 – Садиков

1:2 – 39:59 – Ахметвалиев (Власов, Бархаткин)

2:2 – 49:29 – Путилов (Жиляков, Волгин) ГБ

3:2 – 64:43 – Игнатенко (Машинец, Атаханов) ГБ

Қақпашылар: Полошков – Нечвиенко