Алматыға Арланмен матчтар үшін техникалық жеңілістер есептелді

8 aqpan
2253

QHF республикалық жарыстар өткізу бөлімі «Арлан» және «Алматы» командалары арасында 9 және 10 ақпанға жоспарланған матчтардың өтпейтіні туралы ресми түрде хабарлайды.

«Алматы» ЖК ойыншылары мен бапкерлері арасындағы көптеген жарақаттарға, сырқаттануларына байланысты команданың қатысуымен жақын уақытта кездесулер өткізу мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар чемпионат матчтары кестесінің тығыздығына байланысты аталмыш ойындарды басқа күндерге ауыстыру мүмкіндігі жоқ. Осылайша, «Алматыға» алдағы матчтар үшін 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептеледі.