Апта ойыншысы – Дмитрий Гренц

7 aqpan
2219

ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең көп үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен аптаның ойыншысы ретінде Дмитрий Гренц танылды. «Торпедоның» шабуылшысы өз командасына түзде төрт рет жеңіске жетуге көмектесіп, ақпандағы әрбір текетіресте балл жинап, өзінің жеке қоржынын да ұпаймен толтырды.

Нұр-Сұлтан мен Теміртаудағы матчтарда Гренц 4 шайба салып, командаластарына 2 реттен ассистент болды. Дмитрийдің екі соққысы өскемендіктерге жеңіс әкелді. Осы кезеңдегі пайдалылық көрсеткіші +3 құрады.

Материал жарияланған сәтте форвард ProLigasy-ның үздік бомбардирлері тізімінде екінші орынды иеленді. Гренцтің қоржынында Қазақстан чемпионатының 36 кездесуінде жиған 51 (23+28) балы бар.