Бейбарыс пен Торпедо плей-оффқа жолдама алды

7 aqpan
1213

Соңғы матчтардың қорытындысы бойынша хоккейден Қазақстан чемпионатының алдағы плей-офф кезеңінің тағы екі қатысушысы белгілі болды.

Атыраулықтардың есебінде 28 жеңіс, 58 балл бар. «Торпедо» Теміртауға жасаған сәтті сапарынан кейін 55 ұпай (27 жеңіс) жинады. Қос ұжым да турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қарсыластары қуса жетпейтіндей алға кетті. Осылайша маусымның шешуші бөлігінен өздеріне мызғымас орын дайындады.