Металлургтар қаласындағы Гренцтің дублі. 6 ақпандағы матчтарға шолу

6 aqpan
1022

«Ақтөбе» «Алматының» арынын басты. «Торпедо» «Теміртаумен» екінші текетіресте өз дегенінде тұрды.

Алаң иелері ұзақ уақыт бойы белсенді ойнап, ұпайда үмітті болды. Алайда үшінші кезеңде «Ақтөбенің» артық құрамдары соққыны боратты. Жеңіс шайбасы Кирилл Зубковскийге тиесілі.

«Алматы» - «Ақтөбе» 1:4 (0:0, 1:1, 0:3)

0:1 – 35:17 – Скатов (Грищенко, Зинченко)

1:1 – 39:29 – Галеев (Лобанов, Леванов)

1:2 – 43:39 – Зубковский (Потайчук, Гасников) ГБ

1:3 – 50:49 – Потайчук (Кутугин, Ковзалов) ГБ

1:4 – 57:56 – Тесленко

Қақпашылар: Полуэктов – Тихонов

Дмитрий Гренц жасаған дубль «Торпедоға» «Теміртауды» екінші рет жеңуге көмектесті. Алаң иелері есеп теңестіруге таяғанда, өскемендіктер сытылып кетті. Қонақтардың қақпашысы Андрей Янков қақпаға бағытталған 39 соққыға тойтарыс берді.

«Теміртау» - «Торпедо» 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)

0:1 – 11:26 – Гренц (Игнашин)

0:2 – 28:32 – Гренц (Игнашин, Таталин) ГБ

1:2 – 45:13 – Асуханов (Жорабек, Пряхин)

Қақпашылар: Селивёрстов – Янков