Максим Грязнов: «Ұзақ үзілістен кейін ойынға қойып кету оңай болмады»

6 aqpan
2719

«Құлагердің» ойыншылары Максим Грязнов пен Вячеслав Нечвиенко клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен кезеңге қатысты пікір білдірді.

- Максим, қаңтар айында «Құлагердің» қақпашылар бригадасы Лиганың көшін бастады. Өз басыңның жақсы ойнауыңа не ықпал етті?

- Біздегі спорт түрі командалық. Бірінші кезекте бұл командалық іс-қимылдар мен сәттіліктің арқасы. Түзде төрт матчта жеңсек, бұл да командалық іс-қимылдың, бірліктің, өзімізге деген сенімнің арқасында болды. Оңай сапар болған жоқ. Ұзақ үзілістен кейін ойынға қойып кету оңай болмады. Бірінші ойын күрделі болды, хоккейді қалай ойнайтынын еске түсіру керек болды (күледі).

- Вячеслав, өз әсеріңмен бөліссең.

- Бірінші кезекте елеп жатқан Лигаға көп рақмет. Қаңтарда біз қатаң ойнадық, өз аймағымыздағы, орталық аймақтағы қателіктерге жол бермеуге тырыстық, сондықтан түзде бар ұпайды жиып әкеттік. Жігіттер шабуылда жақсы ойнады, өз сәттерін мүлт жіберген жоқ, маған кәдімгідей көмектесті.