Қазақстан чемпионатының бүгінгі жалғыз матчында «Арлан» «Құлагерден» басым түсті.
«Құлагер» мен «Арлан» арасындағы тартысты жекпе-жекте көрермендер салынған бес шайбаға куә болды. Қонақтар дәлірек көздеп, турнир кестесі тұрғысынан жеңіске жетті. Төрт матч бойы жеңіске жетіп жүрген петропавлдықтар жеңіліс дәмін татты. Шешуші соққының авторы – дубль жасаған Виталий Жиляков.
«Құлагер» - «Арлан» 2:3 (0:1, 2:1, 0:1)
0:1 – 15:48 – Жиляков (Карабань, Володин)
0:2 – 22:07 – Старцев
1:2 – 28:57 – Белашов (Васильев, Макеев)
2:2 – 33:24 – Наместников (Первухин, Колесников) ГБ
2:3 – 49:29 – Жиляков (Лукин, Евграфов) ГБ
Қақпашылар: Кадочников – Румянцев