Өскемендік командалар жеңісі. 1 ақпандағы матчтарға шолу

1 aqpan
952

«Алтай Торпедо» «Номадтың» жеңістер сериясын үзді. «Теміртау» «Горняктың» бетін қайтарды. «Торпедо» «Снежные Барсы» командасына еш мүмкіндік бермеді.

Ойын күнінің ең нәтижелі жекпе-жегінде «Алтай Торпедо» «Номадтан» басым түсті. Жеңімпаздар құрамынан тағы да Герман Шапорев дубль жасады, шешуш соққы Денис Буденчукке тиесілі.

«Алтай Торпедо» – «Номад» 5:3 (2:2, 0:0, 3:1)

0:1 – 00:57 – Петухов (Гурков, Орехов)

1:1 – 02:51 – Шапорев (Петросян)

2:1 – 06:52 – Шапорев (Лагунов)

2:2 – 11:39 – Мухаметов (Петухов)

3:2 – 43:47 – Хоменко

3:3 – 46:17 – Рунов (Несветаев) ГБ

4:3 – 50:34 – Буденчук (Скоробогатов, Лагунов) ГМ

5:3 – 54:32 – Хоменко (Архипов, Скоробогатов)

Қақпашылар: Полошков – Бояркин

«Горняк» «Теміртаумен» матчта үш шайба өткізгеннен кейін ойынға кірісті. Рудныйлықтар матчты құтқару үшін барын салды, есеп айырмашылығын минимумға дейін азайтты. Алайда қонақтар дегенінде тұрып, турнир кестесінде бүгінгі қарсыласты басып озды. Виктор Буяльскийдің командасына Эмиль Нургалиевтің дөп соққысы жеңіс сыйлады.

«Горняк» - «Теміртау» 2:3 (0:1, 0:1, 2:1)

0:1 – 02:17 – Волков (Гусейнов)

0:2 – 30:31 – Дёмин (Гусейнов, Волков)

0:3 – 47:28 – Нургалиев (Потапов, Чеботаев)

1:3 – 48:07 – Шетле (Глухих, Утебаев)

2:3 – 49:35 – Уколов (Рябоконов, Кротов)

Қақпашылар: Акулинин – Крамарь

«Торпедо» жеңілістер легін үзді. Бүгін Георгий Верещагиннің ойыншылары елордада «Снежные Барсы» командасын ойсырата жеңді. Алаң иелері жасаған 21 соққының бірде-біреуін жетер жеріне жеткізе алмады.

«Снежные Барсы» - «Торпедо» 0:5 (0:2, 0:1, 0:2)

0:1 – 00:19 – Белохонов (Петров, Михайлов)

0:2 – 11:25 – Шин (Таталин) ГБ

0:3 – 38:45 – Белохонов (Громов, Михайлов) ГБ

0:4 – 44:46 – Таталин (Петров, Михайлов) ГМ

0:5 – 57:57 – Игнашин (Гренц, Шин)

Қақпашылар: Павленко – Янков (Осокин, 46:56-60:00)