Горняк пен Теміртау текетіресінің екінші сериясы, теріскейлік тартыс Петропавлда өтеді

1 aqpan
1695

Ақпанның алғашқы күндерінде қазақстандық хоккейсүйер қауым төрт жекпе-жекті тамашалай алады.

«Алтай Торпедо» - «Номад»

Қос команда үшін де өте маңызды матчтар. Өскемендіктер плей-оффқа өту үшін барын салуда. Ал «көшпенділердің» төртінші қатарға табан тіреп қана қоймай, үздіктер үштігіне енуге де мүмкіндігі бар.

«Горняк» - «Теміртау»

Өткен аптада командалар металлургтер қаласында ойнаған. Енді кезекті кездесулер Рудныйда өтеді. Әзірге бұл маусымдық текетіресте тең түсіп жүр, кубоктік көктем үшін күрес жалғаспақ.

«Снежные Барсы» - «Торпедо»

Өскемендік ұжым 2022 жылдың алғашқы матчтарын аса сәтсіз өткізіп, қатарынан төрт рет жеңіліске ұшырады. Қазір Георгий Верещагиннің командасы турнир кестесінде бесінші орынға түсті, «Торпедо» жанкүйерлерінің бұған көңілі толуы екіталай. «Снежные Барсы» маусымның басында біршама шулатып, үздік сегіздік үшін тартыстан алыстай бастады. Алайда чемпионаттың ең жас ұжымының өз міндеттері бар.

«Құлагер» - «Арлан»

Географиялық көршілердің кездесулері қашан да қызықты әрі күтпеген жайттарға толы болатын. Петропавлдықтар қазір бабында (қатарынан төрт жеңіс), ал «Арлан» маусымның аралық көшбасшылығынан айрылып қалуы мүмкін. Сондықтан матч қызық өткелі тұр.