Pro Ligasy: қаңтардың қорытындысы

30 qańtar
1909

Қаңтар айында Қазақстан чемпионаты бойынша ойын көп болмады. Кейбір командалар тіпті екі-ақ матчтан өткізді. Десе де өткен кезеңді қорытындылаймыз.

Турнир кестесінің жоғары жағында көшбасшылық екі команданың арасында бөлініске түсуде. «Арлан» мен «Сарыарқа» бүгінгі таңда 63 балдан жинады. Ең басты қосымша көрсеткіш (жекпе жектерде жиналған ұпай саны) бойынша көкшетаулықтар алда келе жатыр. Ақпанды аралық көшбасшы ретінде де бастайтын солар. Айтып өтетін жайт, Сергей Бердниковтің командасы Батыс Қазақстан бойынша өз сапары барысында ұпайлардың 50 пайызын жинады. Ал қарағандылықтар қаңтарда барлық төрт кездесуді жеңді.

Бұл ретте «Сарыарқа» чемпионаттың ең нәтижелі командасы (матч үшін орта есеппен 4,18 гол) және қорғаныстағы ойын бойынша Лиганың ең сенімді командасы (пассивте орта есеппен 1,68 шайба) болып отыр.

Көшбасшылар үштігін «Бейбарыс» тұйықтайды, оның есебінде 58 балл бар. Атыраулықтар қаңтарда төрт кездесудің үшеуін жеңіп, соның арқасында тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша бірінші орынды алудан үмітті.

Сегіздіктің төменгі бөлігінде де тартыс жүріп жатыр. Әзірге артық сегіз ұпайы бар «Ақтөбе» өзін сәл жайлы сезіне алады. Әрі қарай «Алтай Торпедо», «Горняк» пен «Теміртау» тұр. Және тұрақты чемпионатты бұл ұжымдардың қандай ретпен аяқтайтынын дәл қазір ешкім дөп басып айта алмайды.

Осыдан бір ай бұрынғыдай кезеңнің ең ірі жеңісіне «Сарыарқа» жеткен болатын. Егер желтоқсанда 11:2 есебімен «Құлагер» жеңілсе, қаңтарда дәл сондай есеппен «Сарыарқадан» «Ертіс» ойсырай жеңілді.

Чемпионаттың үздік бомбардирі бұрынғыша – Никита Аноховский. «Сарыарқа» шабуылшысының есебінде 54 (24+30) балл бар.

Лиганың үздік сұр мергендері тартысында бірінші қатарға қаңтарда өз статистикасын біршама жақсартқан «Алтай Торпедоның» өкілі Герман Шапорев шықты. Қазір оның активінде салынған 26 шайба бар.

Владислав Кулиев әзірге чемпионаттың үздік ассистенті атағын ешкімге берер емес. Қарағандылықтардың форварды командаластарына 33 рет гол салуға көмектесті.