Ахметов хет-трик жасады, Бояркин пас берді. 29 қаңтардағы матчтарға шолу

29 qańtar
1240

«Номад» оңтүстік астанадан төрт балмен қайтты. «Теміртау» «Горняктан», «Ақтөбе» «Арланнан» қарымта қайтарды. «Құлагер» Павлодарда жеңіске жетті. «Сарыарқа» тағы да «Торпедодан» басым түсті. «Бейбарыс» «Алтай Торпедоны» жеңіп кетті.

«Номад» «Алматыны» тағы да ойсырата жеңді. «Көшпенділер» әрбір кезеңде екі шайбадан ұйымдастырып, оңтүстік астанадан көтеріңкі көңілмен қайтты. Артур Гатиятов дубль жасады, нәтижелі шабуылдардың біріне қақпашы Никита Боякин қатысты.

«Алматы» - «Номад» 1:6 (1:2, 0:2, 0:2)

0:1 – 03:11 – Гатиятов

1:1 – 17:42 – Крашенинин (Леванов)

1:2 – 18:08 – Несветаев (Пелевин, Рунов)

1:3 – 30:01 – Гатиятов

1:4 – 31:45 – Волосенков (Гусейнов, Михнин)

1:5 – 41:16 – Пелевин (Несветаев, Зубов) ГБ

1:6 – 55:40 – Мухаметов (Гатиятов, Бояркин)

Қақпашылар: Полуэктов – Бояркин

«Ертіс» бірінші үзіліске жақындағанда есеп ашты да, өз үстемдігін ұзақ уақыт бойы сақтап тұрды. Алайда кездесудің соңына көбірек күш жинап жеткен қонақтар болды. Илья Ахметов қарсыласқа үш рет шайба дарытып, петропавлдықтарға жаңа жылдағы төртінші жеңісті әкелді.

«Ертіс» - «Құлагер» 1:3 (1:0, 0:0, 0:3)

1:0 – 18:33 – Ляпунов (Нестеров, Туспеков)

1:1 – 44:55 – Ахметов

1:2 – 52:56 – Ахметов (Обрядин, Поляничев)

1:3 – 55:29 – Ахметов (Поляничев)

Қақпашылар: Микушин – Нечвиенко

Степан Грымзин жасаған дубль «Сарыарқаға» «Торпедоны» тағы да жеңуге мүмкіндік берді. Өскемендіктер қарағандылықтармен маусымдық қақтығыстарда бірде-бір балл жинай алмады.

«Торпедо» - «Сарыарқа» 2:3 (0:1, 1:0, 1:2)

0:1 – 13:53 – Грымзин (Молодцов, Голоднюк)

1:1 – 27:50 – Михайлов (Таталин, Боровиков)

1:2 – 41:40 – Аноховский (Рахманов, Кулиев)

2:2 – 49:33 – Гренц (Шин, Таталин)

2:3 – 54:31 – Грымзин (Молодцов)

Қақпашылар: Рейзвих – Шутов

«Теміртау» бүгін қорғаныста мығым ойнап, қақпашысы Владимир Крамарьға бірінші матчта-ақ құрғақ жеңіске жетуге көмектесті. Енді командалар Рудныйға жетіп, сонда жекпе-жектің екінші сериясы өтеді.

«Теміртау» - «Горняк» 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)

1:0 – 26:01 – Шульга (Лазарев, Волков)

2:0 – 51:07 – Шишов (Волков)

3:0 – 59:56 – Нургалиев (Дёмин, Волков)

Қақпашылар: Крамарь – Акулинин

«Ақтөбе» мен «Арланның» екінші текетіресінде қонақтар дәлірек көздеді. Жеңіс шайбасын ұзақ уақыт бойы көкшетаулық ұжымның намысын қорғаған Иван Киселёв салды.

«Ақтөбе» - «Арлан» 4:3 (1:0, 1:2, 1:0)

1:0 – 09:42 – Зинченко (Кутугин)

1:1 – 28:04 – Жуков (Жиляков, Акишин) ГМ

1:2 – 34:04 – Карабань (Жуков, Егоров)

2:2 – 36:06 – Митряков (Ермолаев, Киселёв)

3:2 – 45:11 – Зубковский (Тесленко, Кутугин)

4:2 – 48:26 – Киселёв (Гасников, Яхонт)

4:3 – 50:18 – Бердников (Акишин, Евграфов) ГБ

Қақпашылар: Тихонов – Румянцев

«Бейбарыс» «Алтай Торпедомен» екінші матчта төрт рет артық құрам ұйымдастырып, жеңіске жетті. Атыраулықтар жаңа жылда төрт матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, көшбасшылар үштігінде келе жатыр.

«Бейбарыс» - «Алтай Торпедо» 5:1 (1:0, 2:0, 2:1)

1:0 – 10:28 – Титов (Ишмаметьев, Ипатов) ГБ

2:0 – 29:44 – Иванов (Воробьев) ГБ

3:0 – 34:55 – Ананичев Ал. (Москалев)

4:0 – 41:48 – Кожевников (Ананичев Ар., Закарлюкин) ГБ

5:0 – 44:48 – Кузнецов (Бурделёв, Воробьев) ГБ

5:1 – 52:56 – Скоробогатов (Хоменко, Бондаренко)

Қақпашылар: Мальгин (Шевченко, 44:48-45:29, 49:35-60:00) – Нурек