8-10 қарашадағы матчтардың аңдатпасы

6 qarasha
1295

Сенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңі басталады. Жанкүйерлер бірден алты кездесуді тамашалайды.

Турдың басты кездесулерінде әзірге чемпионатта жеңіліп көрмеген командалар жолығады. Өскеменде PRO LIGASY-ның көшбасшысы «Торпедо» әзірге турнир кестесінде үшінші орында тұрған «Теміртауды» қабылдайды.

«Ертіс» пен «Горняк» Рудныйдағы ойыннан кейін қайта кездеседі. Ол ойында Сергей Невструевтің командасы екі рет жеңіске жеткен болатын.

Елордада да ойындар қызады. Екінші қатарда келе жатқан «Номад» екпін алып бастаған «Алматыны» қабылдайды.

«Құлагер» «Снежные Барсы» командасымен ойнап, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға тырысады. Александр Истоминнің командасы өткен турда өз алаңындағы ойындарда жеңіліп қана қоймай, ауыр жарақат алып, маусым соңына дейін алаңға шықпайтын жетекші ойыншысы Диас Гусейновтан айрылды.

«Сарыарқа» қысқа уақыт ішінде екінші рет «Алтай Торпедомен» кездеспекші. Бұл жолғы кездесулер Қарағандыда өтеді.

Батыстағы алғашқы ойын Атырауда өтеді. «Бейбарыс» «Ақтөбені» қабылдайды. Әзірге турнир кестесінің соңында тұрған қос команданың өз жағдайларына көңілі толмайтыны анық.