Глеб Каратаев Orda.kz журналисімен арадағы телефон әңгімесі жөнінде

28 qańtar
2498

Бүгін бірқатар БАҚ бетінде Orda.kz журналисі мен Қазақстан хоккей федерациясы қызметкерлері арасындағы телефон әңгімесі туралы ақпарат пайда болды. Бұл жағдайға қатысты ҚХФ бас директоры Глеб Каратаев пікір білдірді

- Телефонмен сөйлесу расында болған. Айтып өткім келетіні, журналист тарапынан бірнеше рет қоңырау шалынды. Бұл уақытта мен көрші кабинетте болдым. Ешқандай айқай-шу болмағанын еш күмәнсіз растай аламын. Бәлкім журналиске сөйлесушінің тоны дөрекі көрінген шығар. Егер солай болса, өз атымнан да кешірім сұраймын.

Сондай-ақ Асқар Ұзақбайұлы Мамин ҚХФ президенті екенін және кеңсе жұмысына ұдайы қатысып отыратынын растағым келеді.