Хоккейден Қазақстан чемпионаты ширек финалының алғашқы қатысушысы – көкшетаулық «Арлан».
«Бейбарыс» пен «Арлан» арасындағы екінші матчта көкшетаулық ұжым сенімді қарымта қайтарды. Константин Пархоменко, Даниил Половников және Александр Меньщиков салған дөп соққылар, сонымен қатар Илья Румянцевтің орындаудындағы тамаша ойын қонақтарға жеңіс әкелді.
Бүгінгі жеңісінен кейін Сергей Бердниковтің ойыншылары 61 балл жинап, турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі командалардан оқ бойы оза шықты. Қазір чемпионат көшбасшысының қоржынында 29 жеңіс және 141 салынған шайба бар. Осылайша, «Арлан» кубоктік сегіздіктен өз орнын дайындап үлгерген алғашқы команда атанды.
«Бейбарыс» - «Арлан» 1:3 (0:0, 0:2, 1:1)
0:1 – 34:56 – Пархоменко (Боровков, Карабань) ГБ
0:2 – 35:13 – Половников (Волгин)
1:2 – 47:14 – Ананичев Ал. (Болякин, Москалев)
1:3 – 55:05 – Меньщиков (Карабань, Егоров)
Қақпашылар: Мальгин – Румянцев