Құлагердің Өскемендегі жетістігі, Бейбарыс Арланнан мықтырақ

24 qańtar
1895

Pro Ligasy командалары шағын демалыстан оралып, плей-офф үшін күреске кірісіп кетті. «Құлагер» түзде «Торпедоны» күтпеген жерден оп-оңай жеңіп кетті. «Сарыарқа» «Ертісті» тырп еткізбеді. «Горняк» маусымда үшінші рет «Снежные Барсы» командасын жеңді. «Ақтөбе» мен «Алтай Торпедо» ойыны негізгі уақыттан тыс аяқталды. «Бейбарыс» ойын күнінің негізгі текетіресінде «Арланнан» жеңісті жұлып алды.

«Торпедолықтар» бүгін қорғаныста аса сенімді ойнамады. Негізгі сәттер екінші кезеңнің соңында орын алды: қонақтар үш минутқа толмайтын уақыт ішінде үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Осы сәттер ойынның да тағдырын шешті. Жеңімпаздар құрамынан Роман Поляничев дубль жасады.

«Торпедо» - «Құлагер» 3:7 (0:2, 0:3, 3:2)

0:1 – 06:52 – Рамазанов (Колесников, Первухин) ГБ

0:2 – 12:44 – Васильев

0:3 – 36:49 – Поляничев (Наместников, Ахметов)

0:4 – 39:22 – Гевель (Ахметов, Попов) ГБ

0:5 – 39:36 – Белашов (Васильев, Своеволин)

0:6 – 42:05 – Первухин (Логинов, Колесников) ГБ

1:6 – 43:24 – Петров (Игнашин, Гурин)

1:7 – 46:32 – Поляничев (Моренец)

2:7 – 49:10 – Гренц (Белохонов, Таталин)

3:7 – 53:45 – Белохонов (Таталин) ГБ

Қақпашылар: Янков (Осокин, 37:33-46:32) – Грязнов

«Сарыарқа» «Ертіспен» жекпе-жекте бір ғана қателік жасап, әрі қарай ойын барысын толықтай өз бақылауында ұстады. Қарағандылықтардың көшбасшылары Владислав Кулиев, Никита Аноховский мен Михаил Рахманов кезекті нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсті.

«Ертіс» - «Сарыарқа» 1:5 (1:1, 0:2, 0:2)

0:1 – 09:16 – Яковлев (Борисевич)

1:1 – 09:59 – Билимбаев (Шамбазов)

1:2 – 25:00 – Данияр (Хорошев, Фёдоров) ГБ

1:3 – 33:47 – Кулиев (Рахманов, Сиксна) ГБ

1:4 – 44:58 – Аноховский (Кулиев, Рахманов)

1:5 – 47:08 – Зеленков (Ларионов)

Қақпашылар: Микушин (Мельников, 44:58-47:08) – Селивёрстов

«Горняк» бірінші кезеңде-ақ елордалық жас қарсыластарын үш рет састырып, турнир тұрғысынан өте маңызды жеңіске қол жеткізді. Максим Кунишников өз қоржынына екі дөп соққы жазды.

«Снежные Барсы» - «Горняк» 2:5 (0:3, 1:2, 1:0)

0:1 – 06:31 – Гурьев (Жилов, Шетле)

0:2 – 15:22 – Ханьжин ГБ

0:3 – 19:13 – Кротов (Гурьев)

0:4 – 25:04 – Кунишников (Нурек)

1:4 – 28:46 – Мангисбаев (Касенов, Омирбеков)

1:5 – 29:46 – Кунишников (Галимов, Ширяев)

2:5 – 44:30 – Царёв (Цыбин, Нурлан)

Қақпашылар: Шефер (Пестов, 20:00-60:00) – Акулинин

«Ақтөбе» мен «Алтай Торпедо» жеңімпазды кездесудің негізгі уақытында анықтай алмады. Нәтижесінде іс буллиттер сериясына жетіп, онда өскемендіктер басым түсті. Герман Шапорев дубль жасады, матчтағы шешуші соққы Денис Буденчуктің есебінде.

«Ақтөбе» - «Алтай Торпедо» 2:3 Б (0:0, 1:0, 1:2, 0:0, 0:1)

1:0 – 29:46 – Ермолаев (Зубковский, Киселёв)

1:1 – 40:37 – Шапорев (Лагунов, Петросян)

2:1 – 48:54 – Киселёв (Яхонт, Ермолаев)

2:2 – 55:30 – Шапорев (Петросян) ГБ

2:3 – 65:00 – Буденчук

Қақпашылар: Шаров – Полошков

Ойын күнінің негізгі текетіресінде «Бейбарыс» «Арланға» қарағанда дәлірек көздеді. Кездесудің негізгі сәттері қорытынды кезеңде орын алып, атыраулықтар шайба өткізгеннен кейін тез ес жиып, ойынды өз пайдасына шешті. Жеңіс голы Иван Кузнецовқа тиесілі.

«Бейбарыс» - «Арлан» 4:3 (1:1, 1:1, 2:1)

1:0 – 03:15 – Бурделёв (Воробьёв)

1:1 – 09:55 – Граборенко (Евдокимов, Карабань)

1:2 – 21:38 – Старцев (Меньщиков) ГМ

2:2 – 21:57 – Ананичев Ар. (Габазов, Москалев)

2:3 – 44:01 – Евдокимов (Карабань)

3:3 – 44:33 – Колесников (Титов, Дыньков)

4:3 – 52:51 – Кузнецов (Бурделёв)

Қақпашылар: Мальгин – Румянцев