Турдың қаһарманы – Нұрсұлтан Белгібаев

6 qarasha
1243

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы «Алматының» шабуылшысы Нұрсұлтан Белгібаев деп танылды. Ол ағымдағы маусымның алғашқы хет-тригінің авторы атанды. Бұл жайт «Алматы» мен «Алтай Торпедоның» екінші матчында болды.

Бұл ойында оңтүстік астаналық команданың 10-шы нөмірлі ойыншысы 4 (3+1) ұпай жинады. Ол салған шайбалардың бірі үшінші кезеңнің басында есеп теңестірді.