Сандар мен деректер. Владислав Кулиев

20 qańtar
1981

Қазақстан чемпионаты үзіліске кетуге мәжбүр болған шақта назарымызды ағымдағы чемпионатта өзін жақсы жағынан көрсеткен ойыншыларға аударайық.

Биылғы маусымда Владислав Кулиев тамаша нәтижелілік көрсетіп жүр. «Сарыарқаның» шабуылшысы дәл қазір өз амплуасындағы Pro Ligasy-ның ең үздік ассистенті атанып отыр. Чемпионаттың 30 матчында Кулиев нәтижелілік үшін 44 (15+29) балл жинады. Бұл – қазіргі таңда Лигадағы екінші нәтиже.

Оның активінде үш дубль, сондай-ақ Владислав нәтижелілігі үшін үш және одан да көп балл жинаған алты кездесу бар. Жекпе-жектердің бірінде форвард өз әріптестеріне бес рет ассистенттік етті. Бұл ретте спортшының небәрі екі айып минутын алғанын атап өту қажет.