Петерис Скудра Сарыарқаның бас бапкері болып тағайындалды

17 qańtar
1985

Қарағандылық ұжым биылғы маусымдағы үшінші бас бапкерінің есімін атады.

Бұл қызметке Құрлықтық хоккей лигасының клубтарындағы жұмысымен хоккей жанкүйерлеріне жақсы таныс латвиялық маман Петерис Скудра тағайындалды. Әртүрлі кезеңдерде ол нижегородтық «Торпедоны», челябілік «Тракторды» және ригалық «Динамоны» басқарды. Бапкер «Сарыарқаның» сапына қосылып, командамен алғашқы жаттығуды өткізіп үлгерді.

Фото - Владимир Беззубов, photo.khl.ru