Бейбарыс пен Арланның шайқасы, Сарыарқа Ертісті сынға алады. Тур аңдатпасы

4 qańtar
1936

Хоккейден Қазақстан чемпионаты жаңылдық үзілістен кейін жалғасын тапты.

«Снежные Барсы» - «Горняк»

Рудныйлықтардың өз қоржындарына өздері үшін аса қымбат ұпайларды салуға барлық мүмкіндіктері бар. Алайда «Снежные Барсы» командасымен өз алаңындағы қос матч та бір ғана шайба айырмашылығымен аяқталғанын ұмытпау қажет. Сондықтан «Горняк» үшін босаңсудың реті жоқ.

«Торпедо» - «Құлагер»

Өскемендіктер 2021 жылды қатарынан үш жеңіспен аяқталды, алайда Георгий Верещагиннің командасы әлі де үздіктер үштігінен тыс қалып отыр. Петропавлдықтар желтоқсан айында қорғаныста қиындықтарға тап болды. 8 матчта «Құлагер» 46 шайба өткізді (орта есеппен 5,75) және бұл тұрақты чемпионаттың шешуші кезеңінің алдында бапкерлер штабын алаңдатпай қоймайды.

«Ертіс» - «Сарыарқа»

Pro Ligasy көшбасшыларының бірі түзде чемпионаттың ең осал командасыме ойнайды. Өткен жолы «Ертіс» бір айдан астам уақыт бойы жеңіп келе жатты, алайда соңғы үш кездесуде павлодарлықтар шайба салмастан кетті. Алайда қазақстандық жанкүйерлер әрбір турды бұл жас ұжымнан кезекті сенсация күтеді.

«Бейбарыс» - «Арлан»

Турдың негізгі жекпе-жектері Атырауда өтіп, онда үздік үштіктегі ұжымдар ойнайды. «Бейбарыс» пен «Арлан» арасындағы матчтар таныстыруды талап етпейді. Қазақстандық хоккейдің қос алыбының кезекті шайқасын бақылау ғана қалады. Айып өтетін жайт, алдағы турдың қорытындысы бойынша көкшетаулық ұжым плей-оффқа жолдамасын ресми түрде рәсімдей алады.

«Ақтөбе» - «Алтай Торпедо»

Өткен жылғы ел кубогінің финалисі аздап қарқынын азайтып, кубоктік сегіздіктің шекарасын мекендеде. Әзірге тоғызыншы орыннан арасын алты ұпай бөліп тұр және мұны жайлы көрсеткіш деу қиын. Ал «Алтай Торпедо» үшін плей-офф басталып кеткелі қашан. Команда ¼ финалға шығу үшін тартысып келеді және мұнысы тұрақты чемпионат аяқталғанша жалғасатын түрі бар.