Pro Ligasy-дағы желтоқсанның қорытындысы

1 qańtar
2939

Жаңа жылдың алғашқы күні Қазақстан чемпионатындағы желтоқсанды қорытындылаймыз.

Шағын үзіліске көшбасшы дәрежесінде «Арлан» кетті. Көкшетаулықтар 34 матчтың 28-інде жеңіске жетіп, 59 ұпай жинады. Желтоқсан айында Сергей Бердниковтің ойыншылары он жекпе-жектің біреуінде ғана жеңіліске ұшырады: овертаймда «Торпедоға» жол берді.

«Көкшеліктерден» 4 балл артта келе жатқан «Сарыарқа» да айды жаман өткізген жоқ: 10 кездесудің 8-інде жеңіске жетті. Қарағандылық ұжым да Лиганың ең нәтижелі командасы (139 шайба салған) және чемпионаттың қорғаныс бойынша ең сенімді командасы болып табылады (пассивте 58 шайба өткізген).

Үздіктер үштігін 52 балл жинаған «Бейбарыс» тұйықтайды. Атыраулықтар желтоқсанда екпінін азайтты, алайда қоржындағы ұпай саны турнир кестесінен жайлы орынды иеленуге жетіп тұр.

Кубоктік сегіздік үшін тартыс соңына таяды. Әзірге бес ұжым ғана өзін сәл-пәл сенімді сезіне алады. Ал плей-оффқа жөнелтетін қалған үш жолдама үшін қып-қызыл тартыс өткелі тұр.

Айдың ең нәтижелі кездесуі 9 желтоқсан Қарағандыда өтті. «Сарыарқа» бұл күні «Құлагерді» 11:2 есебімен ойсырата жеңді. Бұл жеңіс өткен кезең аясындағы ең ірісі болып отыр.

Қазіргі таңда Pro Ligasy-ның үздік бомбардирі мен сұр мергені – Никита Аноховский. «Сарыарқаның» шабуылшысы айды өте нәтижелі өткізді – Никита әрбір ойында орта есеппен 1,9 балл жинап отырды. Дәл қазір оның қоржынында 49 (22+27) ұпай бар.

Қарағандылық клубтың тағы екі өкілі чемпионаттың үздік ассистенттері тізімінен ең жоғары орынды иеленеді. Владислав Кулиев пен Эдгарс Сиксна 28 нәтижелі пастан берді. Бұған қоса 7 шайба салған «Сарыарқа» капитаны Лиганың ең нәтижелі қорғаушысы болып отыр.