Сарыарқа екінші орынға бекіді. 29 желтоқсандағы матчтарға шолу

29 jeltoqsan
1727

«Алтай Торпедо» жылды сегіздікте аяқтады. «Сарыарқа» «Теміртаудан» күткендей қарымта қайтарды.

«Алтай Торпедо» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, кездесудің әрі қарайғы барысын белгіледі. Алматылықтар екінші кезеңде ойынға оралуға тырысып, тіпті құрғақ жеңілістен құтылды. Алайда алаң иелері бақылауды уыстан шығара қоймады. Герман Шапорев дубльмен көзге түсті. Өскемендіктер 2021 жылғы бағдарламаны турнир кестесіндегі сегізінші орынмен аяқтады.

«Алтай Торпедо» - «Алматы» 5:1 (3:0, 0:1, 2:0)

1:0 – 02:43 – Шапорев (Петров) ГБ

2:0 – 15:06 – Рыжих (Петров, Архипов)

3:0 – 17:24 – Архипов (Петров, Курсакбаев)

3:1 – 36:57 – Машинец (Леванов, Кузнецов)

4:1 – 42:51 – Шапорев (Петросян)

5:1 – 59:20 – Петров (Петросян, Шапорев)

Қақпашылар: Нурек – Полуэктов

Қарағандылық клубтастардың екінші текетіресі де аса нәтижелі болмады. «Сарыарқа» екі рет гол салды және екеуін де алаң иелері тең емес құрамда салды. Ал Денис Каратаев екінші матч қатарынан негізгі уақытта құрғақ жеңіске жетіп келеді.

«Сарыарқа» - «Теміртау» 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 – 22:24 – Ларионов ГМ

2:0 – 56:04 – Рахманов (Сиксна, Кулиев) ГБ

Қақпашылар: Каратаев – Еремеев