Құлагердің елордадағы жеңісі. 25 желтоқсандағы матчтарға шолу

25 jeltoqsan
2466

«Құлагер» нәтижелі тартыста «Номадты» жеңді. «Бейбарыс» «Снежные Барсы» командасымен матчта осалдық танытқан жоқ.

«Номад» пен «Құлагер» Нұр-Сұлтанда айтарлықтай нәтижелі матч көрсетті. Бүгін Петропавлдан келген ұжым дәлірек көздеді. Жеңімпаздар құрамынан Никита Белашов дубль жасады, жеңіс шайбасының авторы Евгений Гевель атанды.

«Номад» - «Құлагер» 4:5 (1:2, 2:3, 1:0)

1:0 – 01:07 – Гусейнов (Гатиятов)

1:1 – 04:53 – Белашов (Наместников, Васильев)

1:2 – 18:34 – Белашов (Наместников)

2:2 – 23:32 – Михнин

2:3 – 24:43 – Первухин (Хасенов)

2:4 – 27:00 – Макеев (Богацкий)

3:4 – 28:35 – Пархоменко (Зубов, Несветаев)

3:5 – 29:11 – Гевель (Хасенов)

4:5 – 48:09 – Пархоменко (Пелевин, Зубов)

Қақпашылар: Калмыков (Амирбеков, 26:00-60:00) – Грязнов

Екі кезең бойы жас елордалық ұжым өзінің тәжірибесі молырақ әрі атақты қарсыласына соққы бере алды. Алайда үшінші кезеңде бәрі өз қалыбына келіп, атыраулықтар жеңіске жетті. Александр Воробьёв хет-триктің авторы атанды.

«Бейбарыс» - «Снежные Барсы» 5:2 (0:1, 2:1, 3:0)

0:1 – 17:36 – Нурлан (Никитин, Оспанов)

1:1 – 21:06 – Колесников (Болякин, Твердохлебов)

1:2 – 37:43 – Оспанов (Нурлан, Ермак) ГМ

2:2 – 38:40 – Воробьев (Бурделёв)

3:2 – 45:04 – Григоркевич (Колесников)

4:2 – 48:47 – Воробьев ГМ

5:2 – 50:02 – Воробьев (Дыньков, Бурделёв)

Қақпашылар: Базарбеков – Павленко