«Горняк» жылды «Арланға» қарсы ойындағы жеңіліспен аяқтады. «Ертіс» «Теміртаудың» қақпасын аша алмады. «Бейбарыс» «Снежные Барсы» командасын тырп еткізбеді.
«Арлан» мен «Горняктың» екінші кездесуі де көкшетаулықтардың пайдасына шешілді. Тағы да рудныйлықтар ойынды овертаймға айналдыруға жақын қалды, алайда алаң иелеріне бір нәтижелі соққы жетіспеді.
«Горняк» - «Арлан» 2:3 (0:1, 0:1, 2:1)
0:1 – 15:50 – Карабань (Евдокимов)
0:2 – 39:36 – Лукин (Евграфов, Бердников) ГБ
0:3 – 45:38 – Лукин (Бердников, Евграфов)
1:3 – 52:14 – Кротов (Утебаев, Глухих)
2:3 – 58:30 – Кунишников (Ширяев, Куршук)
Қақпашылар: Акулинин – Румянцев
«Теміртау» «Ертіспен» екінші жекпе-жекте де өз қақпасына шайба жуытпады. Ал павлодарлықтардың қақпасына бес шайба аттанып үлгерді.
«Теміртау» - «Ертіс» 5:0 (1:0, 2:0, 2:0)
1:0 – 19:16 – Штайгер (Чёботов, Попов) ГБ
2:0 – 36:33 – Безруков (Чеботаев)
3:0 – 38:04 – Асуханов (Пономарев, Селиванов)
4:0 – 41:45 – Попов (Потапов) ГМ
5:0 – 55:29 – Белоцкий (Чапоров, Демин)
Қақпашылар: Еремеев – Мельников
Атыраулықтар «Снежные Барсы» командасымен өз алаңында өткізген матчта екі рет артық құрам ұйымдастырып, сенімді түрде жеңіске жетті. Осы жетістігі «Бейбарыстың» чемпионат үздіктерінің үштігіндегі орнын нығайтты.
«Бейбарыс» - «Снежные Барсы» 6:1 (1:0, 3:0, 2:1)
1:0 – 17:35 – Дыньков (Титов, Болякин) ГБ
2:0 – 24:24 – Бурделёв (Ананичев Ар.)
3:0 – 29:40 – Степаненко (Кузнецов, Баженов)
4:0 – 31:33 – Колесников (Рыжий, Ананичев Ар.) ГБ
4:1 – 44:01 – Касенов (Колодюк, Сулейменов)
5:1 – 48:20 – Баженов (Воробьёв, Бурделёв)
6:1 – 51:33 – Ананичев Ал.
Қақпашылар: Базарбеков (Шевченко, 40:00-60:00) – Павленко (Шефер, 31:33-60:00)