Арлан мен Теміртаудың жеңісі. 23 желтоқсандағы матчтарға шолу

23 jeltoqsan
2484

«Арлан» «Горнякты» әрең жеңді. «Теміртау» «Ертісті» тырп еткізбеді.

«Арлан» Рудныйда жігерлі ойын көрсетті. Көкшетаулық ұжымға екінші кезеңнің соңындағы нәтижелі серпіліс жеңіс әкелді. «Горняк» матч бойы белсенді болып, есе қайтара білді, алайда қонақтар өз дегенінде тұрды. Шешуші соққы Михаил Тарасовқа тиесілі. Кездесудің басты қаһарманы қақпаға бағытталған «Арлан» қақпашысы Илья Румянцев болды.

«Горняк» - «Арлан» 1:2 (0:0, 0:2, 1:0)

0:1 – 36:24 – Меньщиков (Евдокимов, Карабань) ГБ

0:2 – 38:04 – Тарасов (Жиляков)

1:2 – 54:44 – Чурмаев (Щанкин) ГБ

Қақпашылар: Акулинин – Румянцев

«Теміртау» өз алаңындағы «Ертіспен» алғашқы матчты екпіндетіп бастады. Және бұл тактика нәтиже әкелді. Сегіз минут өткенде, павлодарлықтардың қақпасына үш шайба аттанып үлгерді және бұл ойынның тағдырын анықтады. Қонақтар салмақшы болған 15 соққының ешбірі жетер жеріне жетпеді.

«Теміртау» - «Ертіс» 6:0 (3:0, 1:0, 2:0)

1:0 – 01:03 – Волков (Росляков, Безруков)

2:0 – 06:00 – Гусейнов (Штайгер, Потапов)

3:0 – 07:37 – Белоцкий (Чеботаев, Шульга)

4:0 – 39:54 – Чеботов (Чеботаев)

5:0 – 45:50 – Нургалиев (Асуханов) ГБ

6:0 – 54:53 – Шишов (Волков, Нургалиев) ГБ

Қақпашылар: Еремеев (Коваль, 54:24-60:00) – Штукерт (Микушин, 07:37-60:00)