Құрлықтық кубоктің финалы наурызға қалдырылды

21 jeltoqsan
2076

Халықаралық хоккей федерациясы Құрлықтық кубоктің финалдық турнирін кейінірек мерзімге қалдыратыны жөнінде жария етті.

Еуропада карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты ИИХФ Дания билігімен бірлесіп, ҚК шешуші турнирін қаңтардан наурыздағы резервтік күндерге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Өтетін орны бұрынғыша қалды – финал даниялық Ольборгте 4 және 6 наурыз аралығында өтеді. Еске сала кетейік, беделді жүлде үшін польшалық «Краковия», беларусьтік «Гомель», даниялық «Ольборг Пайрэтс», сондай-ақ Қазақстан чемпионы «Сарыарқа» тартысады.