«Торпедо» Рудныйда ерлік жасады. «Арлан» «Ертісті» ойсырата жеңді. «Ақтөбе» «Сарыарқаға» төтеп бере алмады.
«Торпедомен» екінші матчтың 37-ші минутында рудныйлықтар жайлы есеп айырмашылығымен алда келе жатты. Алайда қонақтарға мұндай есеп ұнамады. Өскемендіктер 0:3 болып тұрған жерінен есе қайтарып қана қоймай, овертаймда жеңісті жұлып әкетті. Шешуші соққы Денис Игнашинге тиесілі.
«Горняк» - «Торпедо» 3:4 ОТ (2:0, 1:2, 0:1, 0:1)
1:0 – 06:35 – Ханьжин (Куршук, Юлбарисов) ГБ
2:0 – 11:57 – Москалев (Кунишников, Садиков) ГБ
3:0 – 36:44 – Коваленко (Галимов, Ширяев)
3:1 – 38:14 – Шин (Гренц, Лихотников)
3:2 – 38:23 – Кучин (Дзедаев)
3:3 – 54:59 – Гурин (Белохонов, Боровиков)
3:4 – 62:23 – Игнашин (Шин, Таталин)
Қақпашылар: Белоконский – Янков
«Ертіспен» екінші ойында «Арлан» соңына дейін өз төзімін тауыспайын деп, қарсыласты ойсырата жеңді. Павлодарлықтар алаң иелерінің қақпасын ала алмады. Чемпионаттың аралық көшбасшысы бірінші орнын сақтап қалды.
«Арлан» - «Ертіс» 9:0 (2:0, 2:0, 5:0)
1:0 – 05:20 – Старцев (Михайлов, Боровков) ГБ
2:0 – 12:32 – Евграфов (Акишин, Лукин)
3:0 – 33:46 – Боровков (Жиляков, Кокшаров)
4:0 – 38:01 – Лукин (Бердников)
5:0 – 43:47 – Половников (Кусайын, Володин)
6:0 – 48:00 – Карабань (Меньщиков)
7:0 – 52:16 – Старцев (Карабань, Кокшаров) ГБ
8:0 – 54:37 – Жиляков (Бердников, Егоров) ГБ
9:0 – 57:39 – Евграфов (Лукин, Борисов) ГБ
Қақпашылар: Румянцев (Чепец, 43:47-60:00) – Мельников (Штукерт, 54:37-60:00)
«Сарыарқа» аластатудың көп болғаны үшін «Ақтөбе» командасындағы қарсыластарын әбден қинады. Қарағандылықтар бес рет артық құрам ұйымдастырып, сенімді түрде жеңіске жетті. Михаил Рахманов хет-трикпен көзге түсті.
«Ақтөбе» - «Сарыарқа» 1:6 (0:0, 0:3, 1:3)
0:1 – 22:09 – Рахманов (Кулиев, Сиксна) ГБ
0:2 – 34:25 – Рахманов (Сиксна, Кулиев) ГБ
0:3 – 38:51 – Данияр (Грымзин, Жарёнов)
1:3 – 48:37 – Ильин (Панков)
1:4 – 48:58 – Рахманов (Кулиев, Грымзин) ГБ
1:5 – 55:17 – Аноховский (Сиксна, Кулиев) ГБ
1:6 – 56:13 – Кожевников (Данияр) ГБ
Қақпашылар: Тихонов (Шаров, 48:58-60:00) – Каратаев