«Торпедо» «Горнякты» тізе бүктірді. «Ертіс» үш шайба алда келе жатқан жерінен тағы да жеңісті уыстан шығарып алды. «Сарыарқа» биылғы маусымда төртінші рет «Ақтөбені» жеңді.
Өскемендіктер Рудныйда «Горняктан» басым түсті. Ұзақ уақыт бойы алаң иелері тең ойнады, алайда соңына қарай «Торпедоның» тегеуріні батты. Бір қызығы, қонақтар екі нәтижелі шабуылды кездесудің соңғы минутында ұйымдастырды. Кезекті рет өздерін жеңімпаз команданың бірінші үштігі: Шин – Гренц – Лихотников дәлелдеді. Әрқайсысы бір-бір шайбадан салды.
«Горняк» - «Торпедо» 2:5 (1:1, 0:2, 1:2)
0:1 – 13:04 – Лихотников (Таталин, Гренц) ГБ
1:1 – 17:07 – Юлбарисов (Щанкин, Шетле)
1:2 – 36:35 – Шин (Козлов)
1:3 – 39:09 – Громов (Игнашин, Худяков) ГБ
2:3 – 54:10 – Москалев (Ширяев) ГМ
2:4 – 59:04 – Гренц (Шин, Лихотников) ГМ
2:5 – 59:15 – Шитиков (Игнашин, Гурин) ПВ
Қақпашылар: Акулинин – Янков
«Арлан» небәрі сегіз минуттың ішінде «Ертіспен» кездесудің барысын бұрды: есеп 0:3 болып тұрған жерінен есе қайтарып, овертаймда жеңіске жетті. Үш нәтижелі пас беріп, жеңіс шайбасын салған алаң иелерінің шабуылшысы Данила Карабань кездесудің қаһарманы атанды.
«Арлан» - «Ертіс» 4:3 ОТ (0:2, 0:1, 3:0, 1:0)
0:1 – 01:15 – Гасников (Камбулов, Габдуллин)
0:2 – 15:02 – Карпов (Евлоев, Аветисов)
0:3 – 31:09 – Камбулов (Пак, Атаханов) ГБ
1:3 – 52:04 – Граборенко (Карабань)
2:3 – 54:02 – Евдокимов (Волгин, Карабань)
3:3 – 58:10 – Старцев (Граборенко, Карабань)
4:3 – 61:30 – Карабань (Зыкин, Колесников)
Қақпашылар: Зыкин – Микушин
«Ақтөбе» Қазақстанның қазіргі чемпионына керемет соққылар жасады. Алайда үшінші кезеңге шаршамай «Сарыарқа» жетті. Михаил Рахманов пен Степан Грымзиннің дөп соққылары қонақтарға жеңіс әкелді.
«Ақтөбе» - «Сарыарқа» 3:5 (0:1, 3:2, 0:2)
0:1 – 12:23 – Жабунин (Жорабек)
1:1 – 20:43 – Зинченко (Зубковский, Кутугин)
1:2 – 22:46 – Беляев (Кожевников, Данияр) ГБ
1:3 – 24:22 – Аноховский (Сиксна, Кулиев)
2:3 – 35:01 – Потайчук (Харькин, Ковзалов) ГБ
3:3 – 36:44 – Сошников (Зинченко)
3:4 – 52:11 – Рахманов (Кулиев, Воронков)
3:5 – 57:42 – Грымзин (Беляев)
Қақпашылар: Тихонов – Ибрагимов (Каратаев, 36:44-60:00)