Көкшетау мен Атыраудағы қарымталар

16 jeltoqsan
1989

«Торпедо» овертаймда «Арланды» жеңді. «Сарыарқа» «Бейбарыстың» қақпасын ала алмады.

«Арлан» мен «Торпедо» жеңімпазды ойынның негізгі уақытында анықтай алмады. Овертаймда өскемендіктердің жолы болып, кешегі жеңіліс үшін қарымта қайтарды. Жеңіс соққысы тәжірибелі Максим Худяковтің есебінде.

«Арлан» - «Торпедо» 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 15:17 – Дзедаев (Куянов) ГМ

1:1 – 25:17 – Боровков (Пархоменко, Граборенко) ГБ

1:2 – 61:22 – Худяков (Шин, Гренц) ГБ

Қақпашылар: Румянцев – Янков

«Бейбарыс» «Сарыарқамен» екінші текетіресте қорғаныста сенімді ойнады. Атыраулықтардың өзі өздерінің үш сәтін жүзеге асырды. Александр Воробьев дубль жасады. Кездесудің басты қаһарманы – 30 соққыға тойтарыс берген алаң иелерінің қақпашысы Салим Базарбеков.

«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)

1:0 – 36:03 – Колесников

2:0 – 41:03 – Воробьев (Бурделёв, Иванов)

3:0 – 44:17 – Воробьев (Бурделёв, Иванов)

Қақпашылар: Базарбеков – Селивёрстов