Арлан 15 минут ішінде ойынның барысын бұрып жіберді. 15 желтоқсандағы матчтарға шолу

15 jeltoqsan
2303

«Арлан» «Торпедоға» қарсы ойында жігер көрсетті. «Сарыарқа» «Бейбарыстан» басым түсті.

«Торпедо» бірінші кезеңде қарсыласты екі рет сан соқтырды, тіпті «Арланмен» кездесу барысын уысында ұстағандай көрінді. Алайда көкшетаулықтар үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, ойынды «төңкеріп» тастады. Жеңімпаздар құрамынан Данила Карабань дубль жасап, шешуші шайбаның да авторы өзі болды. «Арлан» чемпионаттың турнир кестесінде бірінші қатарда келе жатыр.

«Арлан» - «Торпедо» 4:2 (0:2, 0:0, 4:0)

0:1 – 06:59 – Таталин (Шин, Игнашин)

0:2 – 19:07 – Лихотников (Таталин, Гренц) ГБ

1:2 – 44:55 – Маркелов (Борисов, Пархоменко)

2:2 – 45:48 – Карабань (Евдокимов)

3:2 – 52:42 – Карабань (Меньщиков)

4:2 – 56:57 – Евдокимов (Граборенко, Меньщиков) ГБ

Қақпашылар: Румянцев – Янков (Классен, 58:07-60:00)

«Бейбарысты» «Сарыарқамен» бірінші текетіресте ойыншыларының аластатылуы сүріндірді. Қарағандылықтар төрт рет артық құраммен гол салып, жеңіске жетті. ProLigasy-ның үздік бомбардирі Никита Аноховский тағы екі шайба салды.

«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 5:6 (1:2, 1:3, 3:1)

0:1 – 08:34 – Данияр (Беляев, Федоров) ГБ

1:1 – 11:56 – Ананичев Ал. (Рыжий, Ананичев Ар.)

1:2 – 13:14 – Кулиев (Рахманов, Хорошев)

1:3 – 24:41 – Рахманов (Сиксна, Аноховский) ГБ

1:4 – 33:45 – Аноховский (Сиксна, Кулиев) ГБ

1:5 – 35:51 – Аноховский (Сиксна) ГБ

2:5 – 37:42 – Ананичев Ар. (Москалев)

3:5 – 40:23 – Иванов (Григоркевич, Бурделёв)

4:5 – 44:16 – Клочков (Колесников) ГМ

4:6 – 45:10 – Кожевников (Данияр, Хорошев) ГМ

5:6 – 52:36 – Колесников (Титов, Клочков)

Қақпашылар: Базарбеков – Ибрагимов