Pro Ligasy-ның қысқа кезеңі тек екі жекпе-жекті қамтиды. Алайда екеуі де елдегі хоккейсүйер қауымды бей-жай қалдырмайтын матчтар.
«Арлан» - «Торпедо»
Чемпионаттың аралық көшбасшысы өз алаңында үздік төрттіктен тыс тұрған «Торпедоны» қабылдайды. Биылғы тұрақты чемпионатта командалар Өскеменде кездесіп, негізгі уақытта бір-бір жеңісті қанжығаға байлап, ұпайды бөліп алды.
«Бейбарыс» - «Сарыарқа»
«Арланның» ізін қуып келе жатқан командалар Атырауда ойнайды. «Бейбарыстың» өткен турдағы Көкшетауға сапарын аса сәтті өтті деуге келмейді. Ал «Сарыарқа» қазір бабында, алты матч бойы жеңіске жетіп келеді.